Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық баққа аққулар ұшып келді. Тамаша жайттың куәгерлері құстардың жасанды су қоймасында жүзіп жүргенін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасай отырып.
Бейнекадрдан әппақ қулардың су бетінде қалай жұптаса жүзіп жүргені көрінеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Әбдіманап Жұмаділдаевтың айтуынша, Талдыкөл көліне көктем сайын аққулардың екі жұбы ұшып келеді екен.
«Талдыкөлге жыл сайын төрт аққу ұшып келеді. Күн жылынғанда келіп, салқын түскенде қайта ұшып кетеді. Биыл олар Ботаникалық бақтағы жасанды су қоймасын таңдапты. Бірақ бұл жерге жұмыртқа сала қоймас, өйткені мұнда балапан басып шығаратындай жағдай да, қалың қамыс та жоқ. Құстар 10-15 күннен кейін Талдыкөлге ұшып баратын шығар», - дейді Әбдіманап Жұмаділдаев.