Табылған жанар-жағармай өнімдері Мемлекеттік кірістер департаментіне өткізілді
Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанда заңсыз жолмен жанармай алып өтпек болған екі күдіктіні ұстады. Олардың бірі «Сыпатай батыр» тексеріп-өткізу бекетінен 250 литр АИ-92 маркалы бензинді өткізу кезінде ұсталса, екіншісі «Қордай-авто» бекетінде 130 литр жанармаймен қолға түсті.
Сондай-ақ, дәл осы күні Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек» өткізу пунктінде Өзбекстанға 60 литр дизель отынын алып кірмек болған Қазақстан азаматы ұсталды.
Табылған жанар-жағармай өнімдері Мемлекеттік кірістер департаментіне өткізілді. Ал, күдіктілер тергеліп жатыр.
Бұдан бөлек, еліміздің шекарашылары соңғы тәулікте контрабандалық тауар алып өтудің бірнеше дерегін анықтап, жолын кесті. Атап айтсақ, осы күні қазақ-қырғыз шекарасынан күдіктілер 60 литрден астам спирт, 3000 қорапқа жуық темекі өнімдерін және 50 келі дәрі-дәрмек өткізбек болған. Аталған заттардың бәрі тәркіленіп, ұсталған азаматтар ішкі істер органдарына тапсырылды.