Алматының Алмалы ауданындағы сұлулық салондары жасырын жұмыс істеуін тоқтатар емес
Almaty.tv
Алмалы ауданының бақылау тобы бүгін Абай 81 мекенжайында жасырын жұмыс істеген сұлулық салонын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Алмалы ауданында сұлулық салондары жасырын жұмыс істеуін тоқтатар емес, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елімізде енгізілген екі апталық карантин талаптарының негізінде сұлулық салондары 5 шілдеден өз жұмысын тоқтатуы керек. Алайда бүгін Алмалы ауданының бақылау тобы Абай 81 мекенжайында жасырын жұмыс істеген сұлулық салонын анықтады.
Бейнекөрініске қарағанда, Wow nogti қызметкерлері бөлмеден «күтпеген қонақтарды» байқап, кенеттен сұлулық салоны жұмыс істемейтінін, онда тек оқыту жүріп жатқанын хабарлайды. Алайда салонның ішкі есігі ашық болғанын атап өткен жөн.
Қалай болғанда да, бизнес иесіне әкімшілік айыппұл салынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53