|
09.07.2020 | 21:07
15660

Алматының Алмалы ауданында жасырын жұмыс істеген сұлулық салоны анықталды

Бас санитардың соңғы қайулысына сәйкес сән салондары 2 аптаға жабылуы тиіс

Алматының Алмалы ауданында жасырын жұмыс істеген сұлулық салоны анықталды almaty.tv

Карантин шаралары күшейтілсе де, Алматының Алмалы ауданында сұлулық салоны жасырын жұмыс істеп тұр. Онымен қоса, келушілерге санитариялық құралдарсыз қызмет көрсеткен. Енді мемеке басшысын қандай жаза күтіп тұр? Алатау және Алмалы аудандары бойынша карантин ережелері қалай сақталып жатыр? Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай көріп қайтты.

Мына сұлулық салоны 5 шілдеде өз жұмысын тоқтатуы керек болған. Алайда мұнда бірнеше келушіге қызмет көрсетіліп жатқаны анықталды. Енді мекемеге айыппұл салынуы мүмкін.

Бас санитардың соңғы қайулысына сәйкес сән салондары 2 аптаға жабылуы тиіс. Қатаңдатылған карантин талаптарын елемеген қызметкерлер салонды ішінен құлыптап қойыпты. Оның үстіне келушілермен тікелей байланыс жасайтын қызметкерлер де бетпердесіз әрі қолғапсыз жүр.

«Бүгінгі сән салонында қызметкерлер мен келушілердің жеке басын анықтайтын құжаттары болмағандықтан, Алмалы ауданының ішкі істер бөліміне алып кетті. Яғни ол жақта оларға тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады», – деді Алмалы ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Әсия Қуанышқызы.

Мониторинг топ мына дәмханада бірнеше құқық бұзушылықтарды анықтады. Заңнамаға сәйкес тамақтану орнындағы келушілер саны 30-дан аспауы керек. Алайда мұндағы орындар саны одан әлдеқайда көп. Қонақтардың арасында арақашықтық сақталмаған. Антисептик құралдарының саны жеткіліксіз. Осы тәртіп бұзушылықтарға байланысты мемеме иесі дәмхананы уақытша жабуға шешім қабылдады.

Бүгін Алатау ауданы бойынша да бірнеше нысандар тексерілді. Ондағы азық-түлік дүкенінде бетпердесіз қызмет көрсеткен сатушыға ескерту жасалды. Жалпы аудан бойынша тәртіп сақшылары, санитар мамандары және әкімшілік өкілдерінен құралған 12 мобильді топ жұмыс жасауда.

Сымбат Ноғай, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир