|
29.03.2019 | 14:09
3119

Қызылордада тікұшақ апатынан көз жұмғандардың бірінің артында 7 баласы қалды

Бұл туралы марқұмның туысы Нұрлан Асылбаев айтты

Қызылордада тікұшақ апатынан көз жұмғандардың бірінің артында 7 баласы қалды

Қызылордада болған тікұшақ апатынан көз жұмған әскери қызметкер Сабыр Тоқбаевтың артында жеті баласы қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Бұл туралы марқұмның туысы Нұрлан Асылбаев айтты. Ол бауырының көз жұмғанына әлі де сене алмайды. Туыстары оның аман қалғанына соңыңа дейін сенген. Себебі, көз жұмғандардың тізімінде оның есімі болмапты.

«Сабыр зейнетке шығуға дайындалып жүрген. Оның жеті баласы бар. Үлкені 9-сыныпта оқиды. Кішісі – үш жаста. Жалпы 4 ұлы, үш қызы бар. Ол үлкен отбасы болғанын қалайтын», – дейді Асылбаев.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген.

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир