Ақтау жылусыз қалды: қала әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

10.12.2023 19:10

Ақауды жоюмен мамандар айналысып жатыр

Сурет: elements.envato.com

Ақтауда магистральды құбырдың жарылуынан бірнеше шағынаудан жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиевтің айтуынша магистралдық құбырдағы ақауды жоюмен мамандар айналысып жатыр.

- Бірнеше шағынауданда жылу беруге уақытша шектеулер енгізілді, сабырлық танытып, күтуді сұраймын. Жоғары шағынаудандарды жылумен қамтитын магистральдық 800 мм құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.

Ұлықбек Тналиев апат орнынан видео жариялап, келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Екібастұз жылу электр орталығында апат: құбыр жарылды