Апат салдарынан 46 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған еді
Алматы-Өскемен тас жолында жолаушыны қағып, оқиға орнынан із суытқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол екі күн бойы Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылында бой тасалаған. 34 жастағы ер адам қазір қамауға алынды. Ал аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат салдарынан 46 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған еді.