Алматыда түнгі стриптиз-клуб қонақтарды қабылдағаны анықталды, деп хабарлайы Аlmaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Алматы Полициясы департаменті криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шаралар және азаматтардың жаппай болатын жерлеріне бақылау жүргізу барысында қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз-клубты анықтады.
«Полиция Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр
көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан стриптиз-клубты анықтады.
Тәртіп сақшыларының сапары кезінде жұмыс орнында ер адамдарға қызмет көрсететін
13 қыз болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге
келгені анықталды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны
үшін ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар
толтырылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші
орынбасары Нұрлан Алмасбеков.