Қазақстандық шекарашылар ауға түскен 400 кг бекіре балығын құтқарды

28.03.2019 19:10

Осылайша шекара қызметінің сарбаздары 100 млн теңге шығынның алдын алды

astrakhan-news.net

«Сардар» шекаралық кемесі тапсырма барысында 12 000 метр калада мен 6000 ілмекті ау тапқан деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ауға 400 келіге жуық бекіре балықтары түсіп қалыпты. Шұғыл жүргізілген құтқару шарасы барысында балықтардың бәрі теңізге жіберілді. Осылайша шекарашылар 100 000 000 теңгеге жуық шығынның алдын алды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері жалпы көлемі 87 911 метр браконьерлік ау тәркіленген. Олардың жалпы құны 6,5 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, жалпы салмағы 1000 килограммға жуық бекіре тұқымдас және бағалы тұқымды балықтар құтқарылып, қайтадан теңізге жіберілген. Осылайша шекарашылар 293 миллион теңгенің шығынын болдырмады.