Мұстафин және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында болған оқиғада 3 қызметкер зардап шеккен
26 сәуір күні төрт азамат «Тәртіп» мекемесінің экипажын соққыға жыққан деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұстафин және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында болған оқиғада 3 қызметкер зардап шеккен. Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«Біреуі ауыр жарақатпен комада жатыр. Білікті хирургтар операция жасады. Бірақ жағдайы әлі де ауыр. Ал, екеуі әр түрлі жарақатпен қазір үйінде, қоғамнан оқшауланған. Біреуі куәгер ретінде жүр. Төртіншісі әлі күнге дейін анықталған жоқ», – дейді «Тәртіп» АҚ басқарма төрағасы Айбек РАХИМОВ.
Бүгінде «Тәртіп» компаниясында 900 қызметкер жұмыс істейді. Олар 3 ауданға қызмет көрсетеді.