Полиция қызметкерлері оның қайтыс болардан алдын жазып қалдырған хатын тапты
Алматыдағы Үлкен Алматы өзенінің бойындағы балаларға арналған алаңқайда 55 жастағы ер адам асылып көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 мамыр күні әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орынына айналған Үлкен Алматы өзенінің бойында ер адамның асылып қалғаны туралы ақпарат тарады.
Ведомство өкілдері аталған ақпаратты растады.
«Аталған дерек 2019 жылы 20 мамыр күні Алматының Бостандық ауданында тіркелді. 1964 жылы туған ер адам өз өміріне қол салу нәтижесінде қаза тапқан. Оның өлерінен алдын жазып қалдырған хаты табылды. Мұндай жағдайға не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.