Отардағы гарнизонда әскери қызметкер өзіне қол жұмсады
Almaty.tv
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы гвардиялық гарнизонда әскери қызметкер өзінің жүрек тұсына оқ атып, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі растап отыр.
Айта кетейік, мамыр айында ғана Шығыс Қазақстан облысындағы 3477 әскери бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, қаза тапқан еді.
«22 қараша күні «Гвардейская» гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде және туыстарының өтінішіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды», – деді ҚР ҚК БӘПБ бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37