Талдықорғанда екі жасар баланы көлік қағып кетті

29.09.2022 19:12

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды

Almaty.tv

Талдықорғанда екі жасар бала көлік астына түсіп, тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға кеше күндіз қаладағы Сеңгірбаев көшесінде болған. Облыстық полиция департаментінің ақпарынша, ол үйінің маңындағы жолда ойнап жүрген. Кенет Toyota Cresta көлігін тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші бүлдіршінді қағып кеткен. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

«Өкінішке қарай, жол апатынан бала көз жұмды. Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау мен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Нүпбаева.