Павлодарда мас жүргізуші полициядан қашамын деп бірнеше жол апатына түрткі болды

08.04.2023 20:43

Сәуірдің 8 күні, таңғы 05:30 шамасында Ломов көшесінде болған

Zakon.kz

Сәуірдің 8 күні, таңғы 05:30 шамасында Ломов көшесінде кран көлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Полиция қызметкерлері тоқтауын сұрағанда ол қашып, бірнеше жол апатына түрткі болды. Салдарынан патрульдік полицияның төрт көлігі мен Toyota Avalon зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ол рөлге ие бола алмай, аударылған кезінде Кіші айналма көшесінде ұсталды. 1999 жылғы жүргізуші Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру оның мас күйінде болғанын растады.

"Жүргізушінің көлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі болмаған. ҚР ҚК 200-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлімі, 611-бабы 2-бөлімі, 613-бабы 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотта қаралады", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлікке келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.