«7 қабаттан мысықтарды лақтырды»: Ақтау тұрғыны көршісін жазалауды талап етіп отыр

lada.kz
lada.kz
Көршісі бұған дейін де жануарларға қатыгездік көрсеткен екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 8 шағынауданның тұрғыны көршісі жетінші қабаттан үш мысықты тастап жібергенін айтты. Альбина Таированың сөзінше, көршісі бұған дейін де жануарларға қатыгездік көрсеткен, деп хабалайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияға арыз жазған Альбина Таирова, кінәлі азаматты жазаға тартуды талап етеді.

«Бәрі кеше түнде болды. Көршілерімнің бірі менің есігімді қағып, жетінші қабаттағы тұрғынның мысықтарды қайтадан далаға лақтырғанын айтты. Бұл осымен үшінші рет қайталанды. Бұрын олар психикалық ауруға шалдыққан інісі кінәлі деп айтатын, бірақ қазір ол ауруханада жатыр. Сондықтан, бұл жерде пәтер иесінің өзі, яғни мысықтарды ағасы лақтырған. Бұған дейін ол үйдегі мысықтарды тамақтандыратын әжеге «олардың бәрін өлтіремін» деп қорқытты. Кеше ол полиция қызметкерлерімен сөйлескен кезде мысықтарды суға батырып, өлтіріп, бауыздап тастайтынын бірнеше рет айтты», - дейді Альбина Таирова.

Қыз полицияға арыз жазды. Ол ер адамды жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жазалауды талап етеді.

«Полицейлер кеше ер азаматқа алкогольге тест тапсыртқызды. Нәтижелер маскүнемдіктің бар екенін растады, бірақ ол наркологиялық тексеруден бас тартты. Менің ойымша, бұл адам қоғам үшін қауіпті, оның зорлық - зомбылыққа бейімділігі бар», - деп толықтырды ақтаулық тұрғын.

Новости партнеров