Күйік шалған екі әйел облыстық ауруханаға жеткізілді
Көкшетауда газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған апаттан пәтерлер арасындағы гипсокартонды қабат та қирап қалған. Ал күйік шалған екі әйел облыстық ауруханаға жеткізілді.
Тұрғындардың айтуынша, пәтерлерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Ал жарылыс болар күні қызмет көрсетуші компания арнайы қондырғыларды сұйылтылған газбен толтырыпты.
«Оқиға орнына жеке құрамнан 22 қызметкер мен 6 арнайы техника, жедел жәрдем қызметі бригадасының 12 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ, полиция басқармасының 16 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды», – деді Ақмола облыстық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.