Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр
Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 21 мамырда сағат 16:00 шамасында болған.
«Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», - деді ведомстводан.
Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.