Оларға баспана кілті тапсырылғанына 10 күн өткен
Қостанай облысындағы жаңа үйдің тұрғындары шағымдарын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, Қостанай облысында өрттен зардап шеккендер жаңа баспана алған болатын. Оларға баспана кілті тапсырылғанына 10 күн өткен.
"Септик толып қалды. Балаларды кранға жолатпаймын", - дейді үйлердің бірінің тұрғыны.
Қазірдің өзінде бірнеше үйдің септигі жартысынан асып, толып кеткені айтылған. Аудан әкімдігі бұл мәселе бақылауға алынып, шешіліп жатқанын хабарлады.