Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға барып соғылды

05.02.2019 19:14

Жол-көлік оқиғасына жердің тайғақтығы себеп болған

Елорда Инфо

Елордада қоғамдық көліктердің бірі аялдама павильонына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 5 ақпанында қалалық бағдардағы автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесіндегі аялдама орнына жақындай бере көлікті басқара алмай, жабық типтегі аялдама павильонына соғылды», - делінген компанияның хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына жердің тайғақтығы себеп болған.