Жетісу облысында 6 жастағы бала көз жұмды

26.07.2022 19:15

Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында 6 жастағы бала трактордың астына түсіп мерт болды. Қайғылы жағдай Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полицейлер анықтағандай, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ол баланың ата-анасына шөп жеткізген. Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жастағы бала трактордың тіркегішіне мініп алған. 

«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды»,-

деді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.