Қылмысты ашуға ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен
Ақтөбеде 9 жасар мектеп оқушысын зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұған дейін мәлім болғандай, бейтаныс адам кішкентай қызды алдап, пәтеріне кіріп, зорлап кеткен деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Аталған ауыр қылмысты жасағаны үшін 21 жастағы ақтөбелік 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол келтірілген моральдық зиянның өтемі ретінде жәбірленушіге 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Бүгін Ақтөбедегі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта осындай үкім шығарылды. ТЖ режимінде сотқа қатысу тәртібінің күшейтілуіне байланысты үкім шығару процесіне журналистер қатыспады.
Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 12 желтоқсан күні тапа тал түсте болған. Теміржол вокзалы жанында тұратын қыз бала жақын маңдағы мектептен жалғыз қайтқан.
12-ші желтоқсан күні сағат 13:38-де Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №3 ҚПБ кезекші бөліміне жасөспірім қыз баланың зорланғаны туралы хабарлама түскен.
Сағат 13:15-те пәтерге кіреберістің еденінде үстіндегі киімі шешулі жатқан қызын әкесі тауып алған.
Болжам бойынша, ер адам кішкентай қызды мектепке жақын жерден көріп қалып, артынан ерген. Ол пәтердің есігін қағып, ұялы телефонын қуаттап алуды сұраған, алайда есікті ашпаған соң, дәретханаға кіруге рұқсат сұрапты.
Қылмысты ашуға ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен.