Трактор жүргізушісі соқтығысуға себепкер болған
Апат салдарынан жеті адам зардап шеккен. Олар қалалық ауруханаға жедел жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң алтауы үйіне қайтарылған,
деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, бір адамның жағдайын дәрігерлер орта деңгейде ауыр деп бағалап отыр. Болжаммен, трактор жолаушылар автобусына жол бермеген.
«Шамамен 9:10-да Пушкин көшесімен Абылайхан даңғылының бойында автобус басты жолмен кетіп бара жатқан. Қар тазалаушы трактор № 40 автобусқа жол бермей, Пушкин көшесіне солға бұрыла бергенде, автобуспен соқтығысқан. Автобуста жолаушылар болған», – деді Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз хатшысы София ҚЫЛЫШБЕКОВА.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Принципиально Астана (@eto_astana_detka)11 Ноя 2019 в 11:30 PST