|
Jol
31.08.2024 | 14:15
682

Алматыда ҮАК бойындағы көше біраз уақытқа жабылады

Жөнделетін учаскелерде ескерту белгісі қойылады

Алматыда ҮАК бойындағы көше біраз уақытқа жабылады elements.envato.com

ҮАК бойындағы көше учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 УЧАСКЕ:

31 тамызда сағат 23.00-ден 2 қыркүйекте сағат 11.00-ге дейін Саин даңғылынан Центральная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Айналма жол дублер бойынша және Жаужүрек, Центральная, Ақ-қайнар көшелерімен қамтамасыз етіледі.

2 УЧАСКЕ

1 қыркүйек сағат 23:00-ден 11:00-ге дейін 3 қыркүйекте қозғалыс Центральная көшесінен Махамбет Өтемісұлы көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.

Айналма жол дублер және Өтемісұлы, Орталық, Солтүстік айналма көшелерімен қамтамасыз етіледі.

3 УЧАСКЕ:

2 қыркүйекте  сағат 23.00-ден 11.00-ге дейін 4 қыркүйекте Өтемісұлы көшесінен Бәйдібек би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Айналма жол Солтүстік айналма, Өтемісұлы және Аршалы көшелерімен қамтамасыз етіледі.

4 УЧАСКЕ:

3 қыркүйекте сағат 23.00-ден 11.00-ге дейін 5 қыркүйекте қозғалыс Бәйдібек би көшесінен Солтүстік айналма көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.

Айналма жол дублер және Солтүстік айналма Дунганская көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.  Бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат  Almaty.kz,  сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis сервисінде орналастырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир