Олар баласының сынған қолын емдетпек болған
Шымкентте емшіге емделіп жүрген 13 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.
12 тамызда жедел жәрдем көлігі 18 шағынаудандағы №13 үйге 2006 жылы туған балаға медициналық көмек көрсету үшін келіп жетті. Алайда дәрігерлер келгенге дейін бала қайтыс болды.
Бір нұсқа бойынша, бала дәстүрлі емшінің емдеуі салдарынан қайтыс болуы мүмкін. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Шымкент қаласының полиция бөліміне не болғанын түсіндіруге сұрау жіберілді. Баланың ата-анасы полицияға арыз түсірген-түсірмегені әзірге белгісіз.
Белгілі болғаны ата-анасы жасөспірімді емшіге өздері апарған. Олар баласының сынған қолын емдетпек болған.