Әскерилер қыз баланы қорғап, оны автобустан шығарып жіберген
Қарағандыда автобус ішінде ер адам сарбазды пышақтап тастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бетін тұмшалап алған екі ер азамат Сәтпаев-Жезқазған бағытындағы 101-автобусқа кіріп келіп, Ұлттық Ұланның екі сарбазын жаралаған. Куәгерлердің сөзінше, жеңіл көлік жүргізушісі автобусты тоқтатып, ішіне екі адам ентелеп енген. Қоғамдық көлікте отырған екі сарбазға боқ ауыз сөз айтып, далаға шығуын сұраған.
Ал олар маскаларын шешуді талап еткен. Қаскөйлердің пәрменіне бағынбағандықтан, сарбаздың біреуін пышақпен жаралаған соң, автобустан шығып, көлігіне отырып қашып кеткен. Сөйтсе, оқиғаның орын алуына автобус ішінде мас күйінде отырған жолаушы мен сарбаздар арасындағы жанжал себеп болған. Әскерилер қыз баланы қорғап, оны автобустан шығарып жіберген. Спирттік ішімдік ішкен азамат кек алуға бекініп, көмекке досын шақырып, сарбаздарға пышақ ала жүгірген. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілер ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.