Жамбыл облысынан 9 ителгіні шетелге алып өтпек болғандар ұсталды

21.10.2022 в 19:17

Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды

20 қазанда Жамбыл облысында шекарашылар Қызыл кітапқа енген құстарды елден алып кетпек болған топты ұстады. Олар контрабандалық жүкті Қырғызстанға жөнелтпек болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экология министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олар Қызыл кітапқа енген 9 сұңқар тұқымдас италгі құсын алып өтпек болды.

Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомство өкілдері қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.