Павлодар қаласының тұрғыны бесінші қабаттан құлап аман қалды

08.06.2021 19:18

Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді

zakon.kz

Павлодарда бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен мас әйел аман қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазатайым оқиға 7 маусымда сағат 07.10-да Толстой көшесінде орын алған. 

«47 жастағы әйел пәтерде мас күйінде болған. 5 қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен», – дейді департаментте.