Алматы-Өскемен тасжолының 445 шақырымында көлік аударылып, 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Сарқан ауданы аумағындағы Қойлық ауылының маңында болған. Көлікте 7 адам болған. 22 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырған, ал тағы көлік жүргізуші мен бір жастағы сәби ауруханада қайтыс болды.
«Қайғылы жағдай 30 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болған. Mersedes көлігі аударылған. Ішінде оның 7 адам болған. 2010 жылы туған қыз бала оқиға орында көз жұмды. Көлік жүргізуші мен 2021 жылғы қыз бала ауруханада көз жұмды. Барлығы Алакөл ауданының тұрғындары»,- деді аудан әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Олжас Құрмашев.