Алматыда жаппай төбелес болды

06.01.2020 в 19:21

Аяқ асты ұстасқандардың бірі қарсыласын ұрып құлатып, тепкінің астына алған

Шагабутдинов көшесінде орын алған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Кадрде бірнеше адамның жүргінші жолында ерегесіп тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аяқ асты ұстасқандардың бірі қарсыласын ұрып құлатып, тепкінің астына алған.  Жерде жатқан досын арашалап алмақ болған азамат та соққыға жығылды. Абырой болғанда, бұзақылар тез анықталып, қамауға алынған. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.