Елбасы өртте қаза болған балалардың отбасына көңіл айтты

Фото: tengrinews.kz/Турар Казангапов
Фото: tengrinews.kz/Турар Казангапов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын. Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.

Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараны қабылдау керектігін айтты.


Новости партнеров