Зардап шеккен 24 жастағы жүргізуші Қаскелең ауруханасына жеткізілді
Алматы маңында, нақтырақ айтсақ, облыстағы Қарасай ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы-Бішкек тасжолында кетіп бара жатқан көліктер соқтығысынан зардап шеккен 24 жастағы жүргізуші Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Науқастың жағдайы әзірге белгісіз. Ал қас пен көздің арасында әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада бір көліктің соққы салдарынан екіге бөлініп жатқаны тайға таңба басқандай көрінеді.
«Mitsubishi Galant көлігінің 24 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, өтіп бара жатқан Mazda көлігімен соқтығысқан. Әрі қарай соққы инерциясынан Mitsubishi қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жол апаты бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды», – деді Облыстық пд ресми өкілі Ернар Сәйділдин.