Жарылыстың себебі анықталып жатыр
Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты», – деп мәлім етті Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев.
Қаза болған жұмысшы 58 жаста. Бес баласы бар, барлығы ересек.
Көксу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысшы жаңадан салынып жатқан мектепке барып, жылыту қазандығы орналасқын ғимаратқа кірген. Кірген уақытта қазандық жарылған.
Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.