Алматыда жүк көлігі қағып кеткен жасөспірім қыздың жағдайы белгілі болды

26.07.2023 19:24

Ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алған

Аlmaty.tv

Жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол жақ самай-желке аймағының тері асты гематомасы. Дәрігерлер Алматыда жүк көлігі қағып кеткен жасөспірім қыздың жағдайын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 жастағы қыз Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жедел түрде жеткізілген. Қазір науқас нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр. 

Рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болған отбасының бір мүшесін кеше ауыр жүк көлігі қағып кеткенін еске салайық.