Жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен
Оралда екі автобус соқғысып қалды. Салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі «Жазира» аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соғысып қалды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.
«Оқиға орнында 6 бригада жұмыс істеді. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі - ер адам, қалғаны - әйелдер) облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр», - деді А.Сақпосынова.