Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта орын алған
2018 жылы туған бала жеке балабақшада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта орын алған.
Бүлдіршін 27 шағынауданда орналасқан жеке балабақшада күтушімен отырғанда қайтыс болған.
Баланың неден қайтыс болғаны белгісіз.
«Оқиға фактісі Ақтау ПБ-нің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 001-бабы бойынша (Адам өлімі) тіркелді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.