Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам көше кезіп жүр (видео)

23.07.2019 19:25

Ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды

иллюстративное фото

Нұр-Сұлтан қаласының қақ ортасында ер адам тыр жалаңаш жүр. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті.

Дегенмен, бұл ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды.

«Кеше күндіз Жеңіс және Бөгенбай даңғылы қиылысында ер адам көшеде тыржалаңаш жүрген. Оны полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалып, жақын маңдағы бөлімшеге апарған. Ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды. Медицина қызметкерлері келіп, оны ауруханаға алып кетті. Егер көшеде сау адам солай жүрсе, міндетті түрде жазаланады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.