Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады
Төтенше жағдайдың видеосы Ustanovka 98 telegram арнасында жарияланды.
"Шақыру келіп түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында. Қазірдің өзінде өрт оқшауланып үлгерді, толығырақ ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді Руслан Иманқұлов.
Сәлден кейін ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы ғимараттағы бөлмеде кеңсе жиһазының өртенгенін, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпығанын нақтылады.