Шығыс Қазақстанда көлік мұз астына түсіп кетті
ҚазАқпарат
53 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны бірден полицейлерге хабарласып, көмек сұраған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Көкпекті ауданының аумағында болған. «Тойота» көлігі Ертісте мұз астына құлап кетті. 53 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны бірден полицейлерге хабарласып, көмек сұраған.
«Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Олар көлікті мұздан алып шықты. Жүргізуші еш жарақат алған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО құтқарушыларының мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 1694 рет рейдке шыққанын хабарлаған едік.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51