Референдумға дейін:
7
күн
12
сағат
10
минут

Қарағандыда тұрғын үйдің ауласында гелендваген жарылды (видео)

Қарағанды облысының ТЖҚ
Қарағанды облысының ТЖҚ
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыдағы аулалардың бірінде 27 қаңтар күні тұрақта тұрған Mercedes-Benz G 500 көлігі өртенген. Ашық оттың әсерінен көліктегі газ жабдықтары жарылып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға кеше таңертең Қарағандыдағы Гапеев көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болғаны хабарланды. 

Аймақтық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратынша, жоғары температура салдарынан жанында тұрған Volkswagen Passat көлігі зақымданған.

- Үйдің жанында жалпы алаңы 4 шаршы метрді құрайтын Mercedes-Benz G 500 маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде, аспаптар панелінде және ішкі әрлеуінде жанғыш бөлшектер жанып кетті. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін Mercedes-Benz G 500 автокөлігінде орнатылған газ жабдығынан газ-ауа қоспасы жарылған. Өрттің алдын ала себебі ашық от көзінен болған, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Өрт сағат 04:19-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейін әлеуметтік желіде өртеніп кеткен көліктің видеосы пайда болды. Ол Instagram-дағы in_da_krg парақшасында жарияланды.

Оқи отырыңыз: Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Новости партнеров