Жарылыс нәтижесінде баланың денесін күйік шалды
Өскемен қаласындағы жанармай құю станциясы маңында ауа қосындысы жарылды. Жарылыс нәтижесінде ер адам қаза тауып, баланың денесін күйік шалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 28 шілде сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында орын алған.
«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау барысында ауа қосындысы жарылды. Салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», - делінген ақпар
Алдын ала мәлімет бойынша ол резервуарды тазалап жатқан. Оған 12 жастағы туысы көмек көрсеткен. Жазатайым оқиғаның себебі анықталып жатыр.