Жантүршігерлік апат: Қостанайда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

11.12.2022 19:26

Сотқа дейінгі тергеу басталды

inbusiness.kz

Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар көлігі жанып кетті. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 17.50 шамасында Қостанай-Әулиекөл тас жолының 22 шақырымында, Талапкер ауылының маңында Toyota Camri жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жолаушылар көлігі одан әрі тұтанумен бірге лақтырып кеткен. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеуді бастады.