Алматы облысында 20 тонна спирт сатпақ болғандар ұсталды

05.05.2020 19:27

20 тонна спиртті 26 млн теңгеге сатуға тырысқан

nabludatel.online5

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 млн теңгеге сатуға тырысқан.

Аталған факті бойынша тергеу басталды, қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.