ШҚО-да 16 жастағы қыз суға батты
Фото: ашық дереккөзден
Департамент мамандары өңір жұртшылығын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында 16 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 шілде күні 16 жастағы қыз Бұқтырма өзеніне батып кеткен.
«Бұқтырманың суы суық, қатты ағынды. Десе де бойжеткен соған қарамастан шомылған. Міне, осының соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54