Тауға шыққан туристің жүрегі тоқтап қалды

Тауға шыққан туристің жүрегі тоқтап қалды
Құтқарушылар 1960 жылы туған ер адамның тыныс алмай жатқанын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тауға көтерілген ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«7 тамыз күні сағат 11:15-де «109» төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары Медеу ауданына («Көкжайлаудан» 200 метр төмен) жүрек ұстамасы ұстап қалған 61 жастағы туристке көмек көрсету үшін шақыртуға шықты. 1740 метр биікке шығудың қиындығына қарамастан, сағат 12:30-да құтқарушылар оқиға орнына жетті. Құтқарушылар 1960 жылы туған ер адамның тыныс алмай жатқанын анықтады. Сағат 15:52-де құтқарушылар ер кісінің денесін түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды», – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, араға бірер сағат өткен соң тағы бірнеше адамның жоғалғаны туралы хабар жеткен.

«18:35-те ТЖД пультіне Бостандық ауданында 16-21 жас аралығындағы 4 адам, яғни қыз-келіншектердің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 5 адам және 1 техника бар құтқару қызметі олардың қайда екенін анықтады. Олар Алмаарасан шатқалыдағы жолда жоғалған адамдармен байланысқа шықты. 19:50-де құтқарушылар жоғалғандарды қарсы алып, бекетке дейін аман есен өткізіп жіберді. Жоғалған қыз-келіншектерге медициналық көмек қажет болмады», – деп хабарлайды ТЖД.

Осы орайда Алматы қаласының ТЖД туристерден таулы аймаққа шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.


Новости партнеров