Самара-Шымкент тасжолында 11 көлік соқтығысып қалды

23.02.2023 19:28

Ақтөбе облысында қазір бірнеше бағытта жол жабылды

POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында боран соғып тұр. Салдарынан Самара-Шымкент тасжолында 11 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қазір бірнеше бағытта жол жабылды. Олар Самара – Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылынан БҚО аумағына дейін, Бекқұл баба – Қарабұрақ ауылдарының аралығы.

Сонымен бірге Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орынбор тасжолында боран күшейді. Ақтөбе-Атырау бағытында да көлік қатынасына шектеу қойылды. Самара-Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында 11 автокөлік соқтығысты.

«Болжам бойынша боран салдарынан жол мүлде көрінбей қалған. Зардап шеккендер жоқ, алайда көліктер бүлінді. Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы кезінде жылдамдықты, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Көктайғақ кезінде көлік құралының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақын маңда автокөліктің жоқ екеніне көз жеткізуі керек. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы барлық автожол жабық», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.