|
23.04.2020 | 14:29
3070

Ақтауда полицейлер коронавирус жұқтырған жезөкшелерді жасырып қалған

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті

Ақтауда полицейлер коронавирус жұқтырған жезөкшелерді жасырып қалған AFP 2019 / THOMAS WIRTH

Ақтау қаласында полиция департаменті қызметкерлерінің коронавирус жұқтырған адамның жезөкшелермен байланысын жасырғаны анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесе полиция департаменті лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетінің жолын кесті.Олар шетелдік азаматтарға Ақтау қаласында жезөкшелікпен айналысатын притондар желісін ұйымдастыруға көмектескен", - дейді Қуаныш Жапақов.

қарамастан, полиция қызметкерлері притондардың құқыққа қайшы қызметінің жолын кесуге негізделген шараларды қабылдамаған.

"Тіпті, коронавирусты жұқтырған бір адамның жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктермен байланыста болғанын да жасырды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі парақорлық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, жезөкшелік притондарын ұйымдастыру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туралы ақпаратты жасыру фактілері бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тиісті мекемелерге хабар бергеннен кейін 87 адам оқшауланды. Олардың арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар. Шетелдік екі азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды", - дейді аппарат басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир