Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылды. Бесінші қабаттағы үйден шыққан жарылыстан үш адам жапа шеккен. Олардың біреуі кішкентай бала, деп хабарлайды NUR.KZ.
Оқыс оқиға жайлы Төтенше жағдайлар комитетіне 8 ақпан күні кешкі 18:08-де хабар келіп түскен.
Төтенше жағдай кезінде 46 адам сыртқа шығарылып, үш адам ауруханаға жеткізілген.
Жарылыстан үш пәтердің сау-тамтығы қалмаған.
Қазіргі уақытта пәтері қираған тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр.