Шымкентте жанармай ұрлаған ер адам бейнекамераға түсіп қалған

15.09.2023 в 19:30

Ұрлық фактісін Абай аудандық полиция басқармасының тергеушілері анықтап жатыр

Ұрлық жасау мақсатында жанармай құю бекетінің операторы қоршаудан асып кеткен. Осы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.    

Полицейлердің мәліметінше, түнде жанармай құю бекеттерінің бірінің қоршауынан канистрлерімен өрмелеп шыққан ер адамды Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалған. Кадрларға қарағанда,ер адам дизель отыны құйылған канистрлерді шөпке тығып қойған. Сосын көлікті жөндеп жатырмын деп, көлігінің капотын ашқан.

Әрекеті камераға түсіп қалғанын түсінбеген ер адам ұрлық жасағанын алдымен мойындамаған. Полицейлер тінту кезінде жасырылған 60 литр дизель отынын тапты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен оның сол жанармай құю бекетінде газ кезекшісі болып жұмыс істейтіні анықталды. Ол адамда қойманың кілті де бар.

Ұрлық фактісін Абай аудандық полиция басқармасының тергеушілері анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:Алматы облысында анасы мен екі баласын өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберген