Павлодарда 4 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті

10.05.2024 19:31

Биыл 8 жағдай тіркелген

Almaty.tv

Павлодар қаласында 4 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға кеше күндіз болған. Алдын ала болжамға сүйенсек, бөлмеде ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін терезеге шығып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер баланың өміріне қауіп жоқ дегенімен, жарақаттың деңгейі орташа деп мәлімдеді. Ол қазір травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, былтыр өңірде 21 бала биіктен құлап, жарақат алған. Ал биыл 8 жағдай тіркеліпті.

– Бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін, емдік диагностикалық шаралар өткізілді. Оның нәтижесінде бас миының шайқалуы, соғылуы, ішкі органдардың зақымдануы, бауыры мен бүйрегінің соғылуы анықталды. Консервативті ем тағайындалып, қазіргі таңда бала толық емін алып жатыр, – деді Балалар ауруханасы травматология бөлімінің дәрігері Талғат Қасымбеков.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті