Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды
Алматыда пойыз қағып кеткен ер адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам "Алматы-1" және "Алматы-2" станциялары арасындағы учаскеде белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды.
"Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.